08.09.2025, 19:00

Доллар арзандап, теңге нығайып жатыр

Фото: pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 535,13 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2,64 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 8 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 537,91 теңге, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 536,35 теңгеден сатып алынып, 538,29 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 627,74-632,09 теңге аралығында, рубль 6,44-6,56 теңге шамасында.

Ал Астанада долларды 534,00 теңгеден сатып алып, 539,15 теңгеден сатып жатыр. Еуро — 623,90-633,90 теңге. Рубль бағамы — 6,50-6,60 теңге.

Шымкентте доллар 535,13 теңгеден сатып алынып, 538,19 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 624,79-629,81 теңге аралығында, рубль — 6,50-6,58 теңге.