$ 443.44  480.51  4.88

«Сенен раушанның иісі шығады»: Блогердің Бишімбавқа жазған сөзі қандай мағына білдіреді

Бұл тіркесті "Дәлелдер жойылды" деген фильмде қаныішер құпиясөз ретінде қолданған.

Коллаж: El.kz
Коллаж: El.kz

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде куәлік еткен блогер Гүлнар Насырбекованың сөзі желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеру барысында 9 қараша күнгі хаттар оқылды. Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні блогер Гүлнар Насырбекова Қуандық Бишімбаевпен кездесу үшін Бау мейрамханасына барған. Ол мейрамханада шамамен 1 сағат уақыт өткізіп, шыққаннан кейін Бишімбаевқа «Сенен раушанның иісі шығады» деп жазып жіберген, деп жазады El.kz.

23 сәуірде сот отырысында блогерден жауап алынған еді. Ол судья мен алқабилерге бұл хатты құдағиына жібермекші болғанын, осылайша қателесіп Қуандық Бишімбаевқа жіберілгенін айтып, ақталды. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл сөздің ағылшын тілінде басқа мағына білдіретінін айтып, белсенді түрде бөлісіп жатыр. 

Гүлнар Насырбекова жазған «Сенен раушанның иісі шығады» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда «Қиын жағдайдан сүттен ақ, судан таза боп шығу»  деген тұрақты тіркесті білдіреді. 

Cambridge сөздігіндегі сөздің мағынасы:

Әлеуметтік желі қолданушылары тұрақты тіркестің фильмдерде құпия сөз ретінде жиі айтылатынына назар аударған.

"Бұл тіркесті "Дәлелдер жойылды" деген фильмде қаныішер құпиясөз ретінде қолданған", "Бұл сөз айғақтар жойылды дегенді білдіреді", "Осы тіркес арқылы айғақтар жойылғанын ескерткен”, "Бишімбаев ағылшын тілін жетік меңгерген, түсініп тұр ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары