$ 439.43  473.31  4.82

«14 жылдан кейін»: Асылхан Төлепов Сартайдың киімін қайта киді

Оқырмандары Асылхан-Сартайдың бейнесі сол қалпы сақталғанына тәнті болды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

«Жаужүрек мыңбала» фильміндегі бас рөлді сомдап, танымал болған актер Асылхан Төлепов Сартайдың киімін қайта киіп, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода актердің риза кейіппен шапанын иіскеп, қуанып тұрғанын байқауға болады.  

Қыздар, жігіттер, 14 жылдан кейін Сартайдың киімін қайтf кидім. Міне, қараңыздаршы, тура сол шапан, тура сол киімдер, сол белдік, - деп Төлепов тамсанысын жасырмады.

Әлеуметтік желіге жариялаған видеосын актер фильмдегі Сартайдың сөзімен аяқтады.

Жоқ, бауырлар,біз мыңбыз, - деді ол.

Оқырмандары Асылхан-Сартайдың бейнесі сол қалпы сақталғанына тәнті болды.

«Немене мұзда сақталғансыз бағ сол куйі ғой түр», «14 жыл өтсе де өзгермеген Сартай», «14 жыл өтіп кеткен бе», «Асыл Сартайдың былғары шапанының иісі мұрынға келді ғой», «Сол жаужүрек мың баланы қатты ұнататыным сонша, жиі көрем ғой», - деген сияқты риза ой-пікірлер көптеп жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары