$ 444.14  477.05  4.85

Украинаға әскери көмек беру туралы заң жобасы мақұлданды – АҚШ Сенаты

Құжатқа 79 сенатор дауыс берді.

Фото:  rbc.ua
Фото: rbc.ua

АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы – Сенат Украинаға, Израиль мен Газа секторына әскери және гуманитарлық көмек пен Америка Құрама Штаттарының Тайвань мен Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына қаражат беру туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа 79 сенатор дауыс берді. Сондай-ақ АҚШ президент Джо Байден құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.

Мен заң жобасына қол қойып, Америка халқына үндеу жасаймын. Бүгін-ертең қол қойсам, осы аптада Украинаға әcкери көмек жеткізіледі. Біз демократияны қорғап, озбырлық пен езгіге табанды түрде қарсы шығамыз, – деді Джо Байден.

Заң жобасы аясында 60,8 млрд доллар – Украинаға, 26,4 млрд доллар – Израиль мен Газаға гуманитарлық көмекке, 8,1 млрд доллар Тайвань мен Американың Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына бөлінеді.

Республикашылдардың талаптарына орай, көмек пакетіндегі 10 млрд доллар Украинаға несие ретінде беріледі. Оның 2026 жылы президенттің арнайы шешімімен кешірілуі ықтимал.

Украина президенті Владимир Зеленский Сенаттың заң жобасын мақұлдағанына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Конгрестің жоғарғы палатасы әскери көмекке дауыс беріп, Американың демократияның символы және дүниежізінің лидер мемлекеті екенін көрсетті, – деді ол.

Құжатқа сәйкес, Украинаға берілетін әскери көмектің ішінде ATACMS баллистикалық зымыраны да бар. Ол алыс қашықтықтағы нысанды дәл көздейді. Дәлірек айтқанда, 300 шақырымға дейінгі нысанды жойып жібереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары