$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстандық спортшылар каноэда есуден Азия чемпионы атанды

Екінші  орынды Өзбекстан, үшінші орынды Таиланд иеленген.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы жеңімпаз атанды. Уақыт көрсеткіші - 01:57.203.

Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленген.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары