$ 443.37  474.49  4.83

Петропавлда мектеп психологы оқушымен жыныстық қатынасқа түскен

Қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылып, оған қатысты үкім шығарылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Петропавлдағы  №25 мектепте жанжал шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылып, оған қатысты үкім шығарылды.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы психолог пен оқушы қыздың арасындағы байланысты растады.

Облыстық соттың хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсан айында Бапашев (сотталған) кәмелетке толмаған қыздың жасын біле тұра онымен жалдамалы пәтерде жыныстық қатынасқа түскен. Қаңтар айының басында "жыныстық оқиға" тағы қайталанған.

Бұрынғы психолог жасаған ісіне толығымен өкінетінін жеткізді. Оның жазасы жеңілдетіліп, сот 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуге үкім етті. Ол енді ешқашан педагогикалық мекемелерде жұмыс істей алмайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Павлодар облысында сотталған және психикалық ауруы бар адамдар білім беру ұйымдарында жұмыс істеген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары